Шенеуніктерге 3,4 миллион теңге айыппұл салынды

cover

Шенеуніктерден 3,4 миллион теңге айыппұл өндіріледі.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Мемлекеттік қызмет агенттігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы 102 хаттама жасады. 54 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда:

  • Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы және оның орынбасарына,
  • Әділет министрлігі департаментінің директорына,
  • орталық мемлекеттік органдардың 8 басқарма басшыларына (табиғи монополияларды реттеу комитеттері),
  • 3 облыстық басқарма басшыларына,
  • Жамбыл облысының Қордай, Мойынқұм ауданының әкіміне,
  • 4 ауылдық округтің әкіміне,
  • 23 жер қатынастары бөлімінің бастығына,
  • 5 сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің меңгерушілеріне,
  • аудандық әкімдіктердің 2 лауазымды адамына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар