Шенеуніктер үлестірген мектеп формасы дау тудырды
Түркістан облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға ересек адамдарға арналған киімдер үлестірілген. Оқушыларға берілген костюм-шалбар мен аяқ киімдердің өлшемі әлдеқайда үлкен. Осыған ренжіген отбасы әкімдікке барған.
Бұл туралы Orda.kz ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды
7 баласын жетектеген ана бюджеттен бөлінген қаржыға кедей-кепшікті келеке қылған шенеуніктерге өкпесін жеткізді. Тіпті тізеге түсетін костюм мен қолқылдаған аяқ-киімді киіп көрсетті.
Балдақсыз жүре алмайтын 1-ші топтағы мүгедек Гүлшат Вафаеваның 10 баласы бар. Оның 7-уі мектеп жасында. Сабаққа киетін киімді мемлекеттің өзі әпереді деген соң биыл білім бөліміне келіп, ұл-қызының өлшемдерін берген екен. Бірақ, 1-ші қыркүйек күні түнде келген киімдерді көргенде қорлыққа шыдамай, жылап жібердім дейді.
— Қорлық емей не айтыңызшы, 1-ші қыркүйек күні балалар мектепке бара алмады. Мен 1-ші қыркүйекті осы жерде аудандық әкімшілікте өткіздім. Бірінші, алғашқы қоңырауына балам 1-ші сыныпқа баруы керек еді, - деді Гүлшат Вафаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық