Шенеуніктер дінге бет бұрған спортшыға қысым көрсетіп жатыр
Фото: ҚазАқпарат
Қазақстандық олимпиада чемпионы дінге бет бұрғаны үшін шенеуніктер тарапынан қысымға ұшырады.
Бұл туралы Orda.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.
3 жыл бұрын Азияда бірінші рет жасөспірімдер арасында байдарка және каноэде есуден алтын медаль әкелген қызылордалық спортшы Диас Бахраддин қысымға ұшырады. Оған сол кездегі жеңісі үшін облыс әкімі болып тұрған Қырымбек Көшербаев берген үйді де шенділер тартып алған.
Спортшының айтуынша, бапкерлер оның намаз оқи бастағанын біліп, оны жаттығуға жібермей қойған.
16 жасында Аргентинада өткен үшінші жазғы олимпидада ескек есуден елінің қоржынына алтын салған спортшы өмірі осылай өзгереді деп еш ойламаған. Жеңісі үшін оған Қызылордада үй берілген, бірақ оны 7 ай бұрын спорт колледжінің басшылығы тартып алған. Онымен қоймай тіпті Диасты оқудан шығарып жіберген.
– Менің тренерлерім намазыма қарсы болды. Намаз оқысаң спорттан шық. «Болмаса үйіңде оқы» деген сондай қысымдар болды. Мен жаттығуға барғанда қайығымды алып қойған кездер болды. Тіпті сборға апармаған кездер болды. Қысым қатты болды, - деді Буэнос-Айрес-2018 чемпионы Диас Бахраддин.
Диас барынша «аяғынан шалып жатқандарды» елемеуге тырысты. Тіпті жаттығуын жалғастыру үшін өз қалтасынан ақша шығарған. Бірақ қысымды көтере алмай, Түркістан облысы құрамасына ауысқан. Қызылордалық колледж «2 курс студентінің оқу үлгерімі нашар болған» дейді. Белгілі болғандай, ал жеңісі үшін берілген үйін басқа облысқа көшіп кеткені үшін алып қойған.
Жалаңтөс Бахадүр атындағы мамандандырылған колледж директорының орынбасары Бауыржан Есмағанбетов спортшы «заңды негізде шеттетілді» дейді.
– Егер спортшы өзінің жаттығуын тоқтатса немесе академиялық үлгермесе, жаттығуды жіберіп алса, оқушылар қатарынан шығарылсын деген заң бар. Сол заңмен студенттер қатарынан шығарылды, - дейді ол.
Есмағанбетовтың айтуынша, спортшының намаз оқуына ешқандай қарсылық болмаған және оқуға барлық жағдай жасалған.
Диас Бахраддин қазір Түркістанда жаттығып жатыр. Бірақ мұндағы жағдайға да көңілі толмайтын көрінеді. Ол «Қазақстаннан қолдау болмаса, спорттық мансабымды Түркияда жалғастырамын» деген шешімге келген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық