Шенеунік асарлатып салынған жесір әйелдің үйін есебіне қосып алған
Фото: Orda.kz / Исламбек Дастан
Жамбылда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында жалпы 2020 жылы 99 үй салынса, 2021 жылы 133 үй тұрғызу жоспарланған. Қазірге дейін 75 үйдің құрылысы аяқталды, қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Бірақ Байзақ ауданы, Суханбаев ауылдық округі, Қосы батыр ауылы тұрғыны, жесір әйел Зауре Қосақбаева 2020 жылдың 17 желтоқсан күні үйі өртеніп, қыс бойы суық контейнерде тұрып, қысты өткердік дейді.
— Үйді қайта көтердік, бізге халық көмектесті. Үш ауылдың қариялары ақша жинап берді. Асарлатып жинап берді. Әкім көмектесем деді бірақ көмектеспеді. 1млн 200 мыңға кірпішін қалаттық. Өз күшімізбен, бауырларымның, туған-туыстың көмегімен, халықтың күшімен салдық.
Үлкен үйді әскери қызметкерлер бұзып берді, өзімнің екі балам әскери қызметкер. Жолдас балалары келіп, көмектесті. Өзіміз вагонда отырдық, қыстай. 2 ай болды үйге кіргенімізге. Маған әкімдік келеді, көмек берейін дейді, бірақ ештеңе жоқ. Бір күні маған бұзып жатқан мектептен қалған заттарды ал деп адам жіберіпті, мен қанша жыл тұрған ескі заттарды салмаймын ғой. Мен алмай қойдым. Жартысын жұрттар тасып алған, - дейді Зауре Қосақбаева.
Байзақ ауданы әкімдігіне «Асарлатып үй салу» бойынша сұрау хат жолданып, төмендегідей жауап келді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында және Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасын қолдау мақсатында жұмыстар атқарылды. Ауылдық округтерде зиялы қауым, жастар, ардагерлер кеңесі, ауылдың қауымдастық мүшелері, ауыл имамы, жалпы тұрғындардың қатысуымен жиналыстар өткізіліп, ауылдарда тұрмыс жағдайы төмен, жалғыз басты ана, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар таңдалған.
Әкім есебі бойынша Зауре Қосақбаеваға көмек көретілген
2021 жылы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 18 үй беру жоспарланған, оның ішінде 9 үй жаңа құрылыс, 3 үй жанама құрылыс (үйдің толық күрделі жөндеу жұмысымен бірге) және 6 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып, үй иелеріне кілттері табысталды. Аудан бойынша 18 үйдің құрылысына демеушілер есебінен 108,0 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалған.
Айта кетерлігі, Байзақ ауданы әкімі Бақыт Қазанбасовтың есебіне жесір әйелдің үйі де кіріп кеткен. Бұл қалай? Осы сауалмен Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Даулетовке хабарласып, пікірін алдық. Әкім орынбасарының айтуынша, аталған үйдің есепте көрсетілгені рас. Ол кісі бұл ақпаратты ауылдық округ әкімі бергенін алға тартады. Енді өз күшімен, туған-туыстардың қолдауымен салынған үйдің ауыл әкімінің есебіне қалай ілініп кеткенін зерттейтін боламыз. Нақты жауабын беруге аталған шенеунік те уәдесін берді.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық