Шенеунік Алматыдағы мемлекеттік пәтерлерді туыстарына арзан бағаға сатқан
«Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» (КҚК) директоры Руджан Байтасов мемлекеттік пәтерлерді туыстары мен таныстарына арзан бағаға сатқаны үшін сотталды.
Алматы қаласы Медеу ауданы №2 сотының іс материалдарына сәйкес, жалпы Байтасов мемлекеттік меншіктегі 23 пәтерді арзан бағаға сатты деп айыпталған. Пәтерлердің жалпы нарықтық құны 754 997 963 теңге болса, олар әдейі төмендетілген бағамен – бар болғаны 366 953 430 теңгеге сатқан.
Мемлекетке келтірілген залал 388 миллион теңге болды.
«Байтасовтың заңсыз әрекетінен жалпы құны 754 997 963 теңге болатын «ПКС» ЖШС балансындағы 23 пәтер жалпы сомасы 366 953 430 теңгеге қасақана төмен бағаға сатылған. Осылайша, Байтасовтың қылмыстық әрекеттері ауыр зардаптарға әкеп соқты. Өкіметке 388 044 127 теңге аса ірі залал келтірілді»делінген үкімде.
15 маусымда аудандық сот Байтасовты қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
«Байтасов Руджан Қайдарұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша Ұлттық Банкте және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері,қызметке, судьяларға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында,азаматтық қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен қатар төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын»делінген үкімде.
Алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірген. Іс Алматы қалалық сотына жіберілді. Жаңа сот отырысы 15 тамызға белгіленді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық