Шектеу шараларына қарамастан жұлдыздар Royal Tulip-те кеш ұйымдастырды
8 тамызда Black Star Burger Kazakhstan Instagram парақшасында видео пайда болды. Онда Royal Tulip мейрамханасы жанында қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің қатысуымен гамбургердің презентациясы өткенін көруге болады. Жаппай шара демалыс күндері Алматыдағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысына тыйым салынғанына қарамастан өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантиндік шектеулердің бұзылғанын растады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мониторингтік топ заң бұзушылықты анықтағанын, компания өкілдерінен түсініктеме алынғанын айтты. Хаттама жасалды, материалдар Медеу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне беріледі.
– Бұл факті бойынша әкімшілік іс қозғалады және материалдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылады. Егер заңды тұлға болса, онда айыппұл 230 АЕК (670 910 теңге), егер жеке тұлға 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынады, - деді Байғабұлов Orda.kz сайтына.

Black Star Burger Kazakhstan жариялаған видеодан қазақстандық шоу -бизнес өкілдері: режиссер Ақан Сатаев, продюсер Жан Мұқанов, әнші Луина, Лидия Досалина, Тамара Асар мен Айдана Меденова, продюсер Әлішер Нұржанов, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есееваны көруге болады.


Сондай-ақ, кадрға актер Санжар Мәди, X Factor продюсері Ләззат Биғали, «Қазақконцерт» ГКО шығармашылық қызметінің жетекшісі Әсел Керім түсіп қалған. Іс-шараға орындаушылар Айбек Жансейітов (Беркут ретінде белгілі) пен Айша, сонымен қатар жүргізушілер мен шоумендер Мұхамед Жанов пен Кирилл Мейстер және басқа да танымал адамдар қатыстқан.

Orda.kz редакциясы тыйым салынған шараға қатысушыларға заңда қандай жаза қарастырылғанын сұрағанда, Сәдуақас Байғабылов: «заңсыз шараға қатысқаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған» деп жауап берді.

Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шектеулер күшейтілді. Сенбі мен жексенбі күндері 2-16 тамыз аралығында Ashyq мүшелері болғанынына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысына тыйым салынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық