«Sheker» мен «Meow» бір фильмде: Salem-де «Кинокөрісу» өтті
Фото: Orda.kz
14 наурыз күні Salem Entertainment «Кинокөрісу» жобасын өткізді. Бұл шара Көрісу күніне орай ұйымдастырылып, Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен, қонақтарға ауызашар берді. Salem алдағы уақытта қандай кино мен телесериалдар түсірмек? Orda.kz тілшісі біліп қайтты.
Salem Entertainment басшысы Игорь Цайдың айтуынша, кештің басты мақсаты – көрермендерді алдағы жобалармен таныстыру.
Salem не дайындап жатыр?
Игорь Цайдың сөзінше, «Кинокөрісу» тек жаңа жоспарларды таныстыру емес, Salem-мен бірге жұмыс істеп келе жатқан тұлғаларды марапаттау алаңы.
«Алдағы уақытта көрермендер «Сәке» сериалының толықметражды нұсқасын, «Чёрный двор» сериалының екінші бөлімін және «Sheker» мен «Meow» сериалдарының коллаборациясын күтіп отыр. Сондай-ақ, біз америкалық және қытайлық құрамамен бірлесіп үлкен жобаларға кірісеміз», – деді Цай.
Salem Entertainment продюсерлері Қуат Садықов пен Игорь Цай кеш барысында сахнаға шығып, компанияның басты жоспарларымен бөлісті. Садықовтың айтуынша, биылғы мақсат – Salem франшизаларын дамыту.
Алдымен, ол жақында шыққан «Бажа 2» мен «Патруль 7» сериалдарын еске салды. Бұған қоса, сәуір айында «Няня 2» сериалы жарыққа шығады. Бұл жоба әйелдер аудиториясын кеңейтуді көздейді.
Сондай-ақ, қырғызстандық «Zomбеты» сериалының үшінші бөлімі түсірілетіні белгілі болды. Оның ерекшелігі – бұл жолы сериал Қазақстанда түсіріліп, қазақ тілінде көрсетілмек.
«Sheker» жанкүйерлері үшін күтпеген жаңалық
Көрермендер үшін тосын сый – «Sheker» сериалының Айдос есімді кейіпкерінің жеке тарихы туралы жоба.
«Иә, достар, «Sheker» бізді тастамайды. Бұл – бөлек тарих. Біз командамен ақылдаса келе, Айдостың өткен өмірін көрсететін спин-офф түсіруді жөн көрдік», – деді продюсерлер.
Айта кетейік, сериалда Айдос рөлін Шәріп Серік сомдайды. Ол – есірткі саудагерін ұстаған, бірақ кейін ақша бопсалауға көшкен полиция қызметкері. Кейін Алдияр есімді кейіпкер оны өлтіреді. Ал Алдиярдың рөлін Азат Жұмаділ орындайды.

«Meow» мен «Sheker» бір киноға біріктіріледі
Игорь Цай «Sheker» мен «Meow» сериалдарының ортақ фильмге айналатынын растады. Қуат Садықов бұл жобаны осы жылы көрерменге ұсынуды жоспарлап отырғанын айтты.
«Біз өз аудиториямыздың тоғысқанын қаладық. «Meo» сериалы ТМД елдеріне таралған жоба. Екі сериал әлеуметтік мәселелерді көтергенімен, олардың көзқарасы әртүрлі. Сондықтан біз екі әлемді біріктірмекпіз. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді Садықов.


«Чёрный двор» жалғасады
Salem басшылығы компания тарихындағы ең көп қаралым жинаған «Чёрный двор» сериалының екінші бөлімі түсірілетінін мәлімдеді. Бұл жоба 2024 жылдың күзінде жарыққа шығады.
«Эскорт» сериалы да көрерменге қайта оралмақ. Оның үшінші бөлімі күзде көрсетіледі. Сонымен қатар, 10 сәуірден бастап барлық кинотеатрларда «Патруль. Последний приказ» фильмі көрсетіледі», – деді Қуат Садықов.

Salem сериалдарының халықаралық жетістіктері
Компания басшысы Игорь Цай Salem жобаларының халықаралық деңгейдегі марапаттарын атап өтті:
- «Эскорт» сериалы Испанияда «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алған.
- «1286» сериалы «Sheker» ізімен «Үздік азиаттық контент» номинациясына ие болған.
- «Сержан братан» сериалы «Ең үздік көпсериалды жоба» деп танылған.
Қазақстанға Джеки Чан мен «Оскар» иегерлері келе ме?
Кеш соңында Игорь Цай күтпеген мәлімдеме жасады.
«Джеки Чан мен «Оскар» иегерлері Қазақстанда кино түсіреді», – деді ол.
Бұл қандай жоба? Ол туралы толық ақпарат әлі жарияланған жоқ. Бірақ Salem Entertainment бұл жаңалықпен жергілікті киноиндустрияға тың серпіліс әкелуге ниетті екенін көрсетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық