«Шекарасыз репортерлар» ұйымы ел билігін сайлау қарсаңында журналистер құқығын сақтауға шақырады
Orda.kz коллажы
20 қарашада өтетін президент сайлауы қарсаңында «Шекарасыз репортерлар» ұйымы Қазақстан билігін халықаралық міндеттемелер мен БАҚ бостандығын сақтауға шақырды.
Әрекет сөзден өтімді
«Шекарасыз репортерлар» ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы жетекшісі Жанна Кавелье Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты БАҚ бостандығын қорғауға шақырды. Кавелье елге бос әңгімеден гөрі нақты әрекет бұрынғыдан да қажет деп есептейді. Олар Жаңа Қазақстанның шын мәнінде демократиялық және либералды болып келе жатқанының дәлелі, делінген ұйым сайтында.
— Біз бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның жүргізіліп жатқан реформасына алаңдаймыз, бұл баспасөзге мемлекеттік бақылауды күшейтуі мүмкін. Журналистердің жұмыс жағдайын жақсарту және Қазақстанның «Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымының баспасөз бостандығының жаһандық индексіндегі рейтингін жақсарту үшін — билік мұны олардың мақсаты деп санайды — олар тәуелсіз БАҚ пен сөз бостандығын қорғайтын үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын ескеруі керек, - деді Кавелье.
Orda.kz сайтына кибершабуыл және сурет шайнаған шошқа басы
Бұл сөздер ең алдымен қазақстандық баспасөзге жасалған соңғы шабуылдарға қатысты. Кейбір БАҚ-тарды қорқыту немесе журналистік қызметке кедергі келтіру әрекеттері жасалды. Мысалы, қарашаның басында Азаттық радиосының журналистеріне президент Тоқаевтың сайлауалды штабына кіруге рұқсат берілмеді.
Бұған дейін 5 қазан күні Orda.kz сайтына жан түршігерлік пакет келіп түскен. Онда аузында Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың жыртылған фотосуреті бар шошқаның басы болған.

Сонымен қатар, шабуылдаушылар оның Telegram арнасын бұзды. Қазір белгісіз біреулер оның қоңырауларына тосқауыл қоюға әрекеттенсе, Гүлнәр Бажкеноваға күдікті кодтары бар SMS-хабарламалар үздіксіз жіберіледі.
Бұл Orda.kz-тің белгісіз зиянкестердің кедергілеріне тап болуы бірінші рет емес. Аталған сайтқа дүркін-дүркін шабуыл жасау әдетке айналғандай. 2022 жылдың тамызында портал Jusan Bank туралы материал үшін бұғатталды, ал қазан айында зиянкестер басылым кеңсесінің маңындағы аумақты бүлдірді.

Қиындықтар мұнымен біте қоймаса да Orda.kz үздіксіз кибершабуылдар жағдайында жұмысын жалғастыруда.
Ашық және қауіпсіз интернет
«Шекарасыз репортерлар» және жиырмадан астам халықаралық және жергілікті үкіметтік емес ұйымдар қарашаның ортасында президент Тоқаевқа бірлескен ашық хат жариялады. Ол интернетке тегін, ашық және қауіпсіз қол жеткізуді талап етеді. Сайлауға дейін де, сайлау кезінде де, сайлаудан кейін де солай болуы керек. Десек те мұндай ойлар президент Тоқаевтың өз аузынан шыққан.
«Тәуелсіз және жауапты БАҚ-сыз жаңа демократиялық қайта құру мүмкін емес екеніне сенімдімін» деді президент Тоқаев 16 наурызда Қазақстанның БАҚ туралы заңының қайта қаралатынын жариялап.
Өкініштісі, жақсы жаңалық «аяқтан шалу» болып шықты. Қыркүйек айында жарияланған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасына қатысты кеңестік құжатта үкіметтің БАҚ-қа бақылауды күшейтуді қалайтыны айтылған. Негізгі ойларға тоқталайық.

«БАҚ» анықтамасын кеңейте отырып, мемлекет желіде ақпарат жариялаған әрбір адамның қызметін тексеру құқығына ие болады. Бір қызығы, бұл тек блогерлерге ғана емес, әлеуметтік желілердің қарапайым қолданушыларына да қатысты. Тағы бір бастама онлайн бейне платформалар мен телевизиялық ағындық қызметтерді реттеуді күшейтуді талап етеді. Бұл халықаралық телеарналарға қолжетімділікті бақылауды күшейтуге әкелуі мүмкін.
Сөз бостандығын жақтайтын қазақстандық «Әділ сөз» үкіметтік емес ұйымы билік өкілдерін БАҚ туралы заңнан зардап шеккендермен кеңеспейді деп айыптады. Ұйымның айтуынша, билік қолданыстағы заңдағы кемшіліктерді жоюдың баламалы жолдарын ескермеген. Ұсынылған жаңа заң келесі жылы жарияланады, дейді ұйым.
«Шекарасыз репортерлар» ұйымының хабарлауынша, Қазақстан билігі 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев кеткеннен бері реформаторлық дискурс қабылдады. Бұл ретте ұйым билік интернет пен телекоммуникацияны бұғаттауға барды деп есептейді. Билік ірі оқиғаларды, оның ішінде 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларды көрсетуге осылайша тосқауыл қойды деген пікір бар.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді