Шекарада электронды кезек жүйесі іске қосылды
Қазақстан шекарасындағы 12 өткізу бекетінде электронды кезек жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметімен бірлесе отырып, кедендік шекарадағы 12 өткізу пунктінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесінің пилоттық режимде іске қосылғаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының шекарасы ЕАЭО-ның сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келеді» делінген жұма күнгі хабарламада.
Электрондық кезек енгізілген өткізу пункттерінің тізіміі:
1. Темір-Баба (Маңғыстау облысы);
2. «Нұр жолы» (Жетісу облысы);
3. Тәжен (Маңғыстау облысы);
4. Жібек жолы (Түркістан облысы);
5. Целинный (Түркістан облысы);
6. Сырдария (Түркістан облысы);
7. Б.Қонысбаев (Түркістан облысы);
8. Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы);
9. Қалжат (Алматы облысы);
10. Қазығұрт (Түркістан облысы);
11. «Атамекен» (Түркістан облысы);
12. Бахты (Абай ауданы).
Анықталғандай, 2022 жылдың 23 қарашасында «Ақпараттық-есеп беру орталығы» АҚ платформасында Qoldau.kz сайтында (cargoruqsat мобильді қосымшасы) «Достық авто» өткізу бекетінде электронды кезек жүйесін енгізу бойынша алғашқы пилоттық жоба іске қосылды. Іске қосылған сәттен бастап бұл жүйені 4200-ден астам пайдаланушы қолданды және 28 000-нан астам брондау транзакциялары орындалды.
Электрондық кезек өткізу пунктіне кіретін көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың кезегін қалыптастыру үдерісінің ашықтығы мен цифрландыруын қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің транзиттік, көліктік және экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында әзірленгені белгілі болды.
«Жүйені Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ақпараттық-есеп беру орталығы» АҚ мамандары әзірледі. Бұл жүйе ең қолайлы және ашық, жүргізуші көрсетілген порталда тіркелгеннен кейін немесе мобильді қосымшаны пайдаланғаннан кейін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте жүргізушіге өз кезегі туралы SMS келеді» деп атап өтті департаментте.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық