Шеге қақпайтын жігіт, ас пісірмейтін қыз – ажырасуға себеп пе?
Фото: Envato
Сенатор Жанна Асанова өзінің депутаттық сауалында мектепте тұрмыстық дағдыларды дамыту курстарын енгізуді ұсынады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, бұл курстар болашақта жас отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектеседі. Депутаттың айтуынша, жас отбасылардағы қақтығыстардың негізгі себебі – жастардың тұрмысқа дайын еместігі мен базалық дағдылардың жоқтығы.
«Базалық тұрмыстық дағдылардың болмауы адамның жеке дербестігіне ғана емес, отбасы институтының тұрақтылығына да әсер етеді. Көптеген жастар үй шаруашылығын жүргізуге дайын болмай, қарапайым тұрмыстық дағдыларды меңгермей отбасын құрады. Соның салдарынан жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туындайды. Бұл ажырасу көрсеткішін арттырады», – дейді Асанова.
Сондықтан депутат мектептерде, әсіресе, жоғары сыныптарда тұрмыстық дағдыларды дамыту курстарын енгізуді ұсынады. Ұсынылған курстарға мыналар кіреді:
- үй шаруашылығын жүргізу негіздері,
- аспаздық,
- тігін тігу,
- ағаш және темір ұсталығы,
- тұрмыстық техниканы жөндеу жұмыстары,
- алғашқы медициналық көмек көрсету,
- төтенше жағдай кезіндегі әрекет,
- өзін-өзі қорғау негіздері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық