«Шатастырып алған»: Түркістан облысында 17 жастағы жігітті атып өлтірді
Фото: Төрехан Төреәлінің туыстары ұсынған сурет
Түркістан облысының Түлкібас ауданында 17 жастағы Төрехан Төреәлі оққа ұшып, қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, қаруланған және бетперде киген үш адам көліктен түсіп, еш ескертусіз оқ жаудырған. Сол сәтте бірнеше жасөспірім жасырынып үлгерген, бірақ оқ төрт балаға тиген. Олардың бірі — жуырда ғана 17 жасқа толған Төрехан Төреәлі.
Марқұмның анасы Эльмира Айдарәлиева ұлының жазықсыз мерт болғанын айтты.
«Балам көліктің астына тығылған. Бірақ олардың бірі мойнынан тартып шығарып, жерге лақтырып, жүрегіне оқ атқан. Мұның бәрін салқынқанды түрде істеді. Екінші адам тағы бір балаға оқ атқан, бірақ оғы тимей өткен. Кейін көлікке отырып, кетіп қалған», – деді ол.
Қайғылы оқиға 2 қараша күні кешке болған. Төрехан ағасымен бірге дәріханаға барған. Екі сағаттан кейін отбасы атыс болғанын естіп, ауруханаға жеткенде ұлдарының бірі тірі қалып, екіншісі көз жұмғанын білген.
Сол түні тағы үш жасөспірім жараланды. Оқ олардың аяғына тиген.
«Біз жай әңгімелесіп тұрған едік. Көлік келіп тоқтады да, бетперде киген үш адам оқ жаудырды. Біз жерге жата қалдық. Қазір бүкіл ауыл үрейлі. Полиция көшеге шықпауды ескертті, олар қайта келуі мүмкін деді», – дейді жараланғандардың бірі.
Жергілікті тұрғындар күдіктілердің алдын ала дайындалғанын айтады. Олардың сөзінше, шабуыл тез және ұйымдасқан түрде болған. Ауылда бұл оқиғаны қылмыскерлердің «жасөспірімдерді басқа адамдармен шатастырып алғанымен» байланыстырады.
Түркістан облыстық полиция департаменті күдіктілердің бірінің ұсталғанын, екіншісін іздеу жалғасып жатқанын хабарлады.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт