«Шашың түсіп қалған, ақымақсың»: Ернар Жиенбай үкімге наразы екенін айтты
Коллаж: Orda.kz
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиенбай 9 жылға сотталды. Сот залынан шығарда ол журналистерге қарап, Берденовке қатысты «Намысымды таптады» деді, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкім жарияланған соң сот залында Жиенбай өз пікірін білдірді.
«Үкіммен келіспеймін. Мен оны өлтіргім келген жоқ. Менің ісім 106-бап бойынша, яғни адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру ретінде қаралуы керек. Нақтысында биологиялық өлім болған жоқ, тек денсаулығына зиян келді. Біріншіден, себепсіз шақырылдым, жағамнан алды, қасындағы көмекшілері көрді, бірақ ешкім айтпайды. Екінші, онымен кездесуге барғандағы мақсатым – ұрыс-керіссіз кешірім сұрау еді. Ол "Шашың түсіп қалған, ақымақсың", деді. 21 сәуірде әкімшілікке өзім бармадым, ол мені шақырды», – деді Жиенбай.
Бұған дейін Берденовке бес рет оқ атқан, оның үшеуі тиген Жиенбай 9 жылға сотталды, мемлекеттік айыптаушы 11 жыл 3 ай сұраған болатын. Сонымен қатар, бүгін үкімді күні кеше ғана ғаламторда талқыға түскен Әбинұр Қарабаев оқыды. Ол осыған дейін сот залында журналист Ботагөз Омароваға тілін көрсеткен болатын.
Ол апелляциялық шағым жазатынын әзірге шешпегенін айтты.
Еске салайық, 21 сәуірде Жиенбай Берденовке әкімдік ғимаратының жанында бес рет оқ атқан, оның үшеуі Берденовке тиген. Жәбірленушінің қоластындағы қызметкері болған Жиенбай - Шымкент қаласының құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық