Шартты түрде босауға үміт жоқ: Тұрлыхановтың ұлы түрмеде қалатын болды
Фото: әлеуметтік желіден
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы заңгер Анна Чернова Instagram парақшасында жазды.
Бүгін Алматы қаласы Алатау аудандық сотында Нұрасыл Болаттың бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен алмастыру туралы өтініші қаралуы тиіс болатын. Алайда қорғау тарабы істегі кейбір материалдарда өрескел қателіктер барын алға тартты.
Адвокат Назкен Құсайынованың айтуынша, түзету мекемесі дайындаған мінездемеде жаза мерзімі қате көрсетілген. «Онда Болатқа екі жыл емес, жеті жыл кесілген деп жазылып кеткен», – деді ол. Сонымен қатар, қорғау тарабы сотталушының өтініші туралы ақпараттың көпшілікке тарап кеткеніне де наразы болды.
«Олар өтінішті қайтарып алды. Назкен Құсайынова тағы да өзіне тән әрекетке барды. Біз, яғни жәбірленуші тарап, іс материалдарын, хат алмасуларды, басқа да құжаттарды бүкіл әлемге таратып жіберді деп отыр», – деді Анна Чернова соттан кейін.
Чернова өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып, ешқандай құжаттарға қол жеткізбегенін және оларды таратпағанын мәлімдеді. Ал судья Нұрасыл Болаттың өтініші өз еркімен қайтарылғандықтан, істі қараусыз қалдырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық