Шәріп Серік өзін Бишімбаевпен қатар қойған бейнежазбаның авторына арыз жазды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Актер полицияға жасанды зердемен Қуандық Бишімбаевтың Шәріп Серікті «жұбататынын» көрсеткен цифрлық контент авторына қарсы арыз түсірді. Бұл туралы Instagram желісінде бейнежазбаның авторы хабарлады. Сондай-ақ мұны Шәріп Серік те блогер Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатында растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Серік бұл бейнежазба оның көңіліне ауыр тигенін айтты.
«Мен бұл бейнежазба таралған соң, жала жабу және қорлау фактілері бойынша киберполицияға арыз жаздым», — деді ол сұхбатында.
Ал бейнежазбаны жасаған автор өз жұмысының «зорлық-зомбылыққа қарсы азаматтық ұстанымды шығармашылық тұрғыдан жеткізу» екенін және оның «Қазақстанда зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген атаумен жарияланғанын түсіндірді.
«Мен кез келген зорлық-зомбылықты, шапалақ салудан бастап ауыр қылмысқа дейінгі зорлықты айыптаймын. Зорлық-зомбылық қоғамдағы қадірді, ар-ожданды және негізгі құндылықтарды бұзады» деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ бейнежазбаның мақсаты — қазіргі қоғамда агрессияға жол берілмейтінін еске салу екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, сүйіктісін ұрып-соққан актер Шәріп Серік 4 сәуір күні қамауға алынған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық