Шардара ауданынның бас имамы азаншыны боқтап, садақадан түскен ақшаны қалтасына басып отырған
Фото: Pexels
Шардара ауданындағы мешіттің азаншысы бас имамның сорақы қылықтарын айтып, мүфтияттан көмек сұрады. Бас имам жұма намазын өткізбей, садақадан түскен қаржының бір бөлігін мүфтиятқа жібереміз деп елден ақша жинап отырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде Қонар ата мешітінің азаншысы Жүніс Сартаевтың бейнеүндеуі тарады. Оның айтуынша, ауданның бас имамы Марат Асанов мешіт жұмысына араласпайды және жамағат алдына мүлде шықпайды.
«Мен осы мешіттің азаншысы болып бір жыл сегіз айдан бері жұмыс істеймін. Бас имамды әлі күнге дейін мінберде көрген жоқпын. Жұма намазын да өзі өткізбейді. Жылына екі-үш рет қана уағыз айтқанын білемін. Көбіне мешіттің қасындағы кеңседе телефонын шұқылап отырады», — дейді Сартаев.
Сартаевтың сөзінше, бас имам садақа жәшігіне түскен қаражаттың 30 пайызын мүфтиятқа жіберетінін айтып, коммуналдық төлемдерді жамағаттан жинауды тапсырады екен.
«Ай сайын мешітке келген жарық пен су ақысын жамағаттан жинап төлетеді. Ал жұрт жәшіктегі ақшадан неге төлемейсіңдер деп сұрайды. Сол сұрақты бас имамға қойсам, мені шәкірттерінің көзінше сөкті. Бұл туралы Түркістан облысының бас имамына да айттым, бірақ ешқандай шара қолданылған жоқ», — дейді бас имамның әрекетіне ашынған азаншы.
Сонымен қатар, ол Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына ашық үндеу жолдап, мешіт беделіне нұқсан келтіретін және жамағатқа қысым көрсететін имамдарға шара қолдануды сұрады.
ҚМДБ-ның Түркістан облысындағы өкілдері оқиға қатысты мәлімдеме жасады.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сәйкес, аталған жағдайды әділ әрі объективті түрде қарастыру мақсатында арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, Шардара ауданының бас имамы Марат Асанов қызметінен босату туралы өтініш бергеніне байланысты, 2025 жылдың 6 қазанынан бастап қызметінен босатылды», — деп түсіндірді мүфтият.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық