«Шапырашты» операцияның сәтсіздігі: кім мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды?
Қазақстанда 2022 жылдың қаңтарында орын алған оқиғалардың шынайы мәні тұжырымдамалық түрде 2019 жылдың шілдесінде алғаш рет белгілі болған, бұрын жоспарланған «Шапырашты» операциясына сәйкес келеді.
Бұл туралы «Нурсултансий соловей» анонимді Telegram-арнасы хабарлайды.
Арнаның мәліметтері бойынша, бұл операция қиын жағдай туындаған жағдайда Нұрсұлтан Назарбаев, ҰҚК жоғары басшылығы, «Шапырашты руының» өкілдері және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жекелеген мүшелерінің рұқсатымен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты биліктен тайдыруды көздеген.
«Шапырашты» операциясының қиын жағдай деп атағандары:
- Президенттің белгілі бір саяси әрекеттері;
- Елбасының күтпеген жерден мезгілсіз қайтыс болуы;
Назарбаев қаза тапса, «Шапырашты» операциясы дереу басталуы керек еді. Елбасы өлімінің фактісі мұқият құпия сақталу керек. 2019 жылы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, сондай-ақ, Елбасының жақын туыстары – Болат Назарбаев, Ахметжан Есімов, Қайрат Сатыбалды және Дариға Назарбаева кірген қастандық жасаушылар тобы құрылды.
Қазіргі уақытта БАӘ-ді уақытша тұрғылықты жер ретінде таңдаған Қазақстанның саяси және іскерлік элитасының қоршауындағы дереккөздердің айтуынша, бастапқыда Маңғыстау облысындағы сұйытылған газ бағасының көтерілуіне қарсы наразылық акциясы «Шапырашты» операциясын бастау үшін себеп ретінде қарастырылмады.
«Операцияның басталуына дәл осы уақытта Елбасының денсаулығының кенеттен нашарлап, ауыр халге түсуі, оның инфарктқа ұшырауы себеп болды. Дәл сол кезде, қаңтардың алғашқы күндерінде Елбасының жеке емдеуші дәрігерінің ақпаратына қанағаттанбаған қастандық жасаушылардың бір бөлігі мемлекеттік билікті күшпен басып алу мен мемлекеттік төңкеріс жасауды жасыру үшін еліміздің бірқатар өңірлерін шарпыған стихиялық митингілерді пайдаланып, операцияны бастауға шешім қабылдады.
Соңғы шешімді 3 қаңтар күні кешке Алматыда Самат Әбіш, Қайрат Сатыбалды және Болат Назарбаев қабылдады. Мәсімовке операцияның басталғаны туралы жабық байланыс арнасы арқылы хабарлады. Көшедегі қастандық жасаушылардың негізгі қозғаушы күші Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы сауда орындарының қызметкерлері және Әбіш пен Сатыбалданың қолдауымен Қазақстанның оңтүстігінде жасақталған қарулы салафиттік жамағат болды» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, БАӘ-де орналасқан барлық бірдей дереккөздердің мәлімдеуінше, қалған қастандық жасаушылар тобы «Шапырашты» операциясының басталғаны туралы кем дегенде бір немесе екі күннен кейін білген.
«Алайда, бұл ақпарат сенімді оятпайды. Саяси режимді күшпен өзгертуді қалайтын қастандық жасаушылардың бастапқы шеңберін тарылту әрекетіне көбірек ұқсайды немесе қазір Назарбаевтар отбасында болып жатқан жанжалға байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, дереккөздердің түсінбеушілігі оқиғалардың одан әрі дамуымен де байланысты. Бұл қастандық жасаушылардың арасында ресми билікке операцияны бұзуға көмектескен біреудің болғанын анық көрсетеді. Бұл кезде Елбасының денсаулығы елге үндеу айта алатындай мұрша беріп, ақырғы сәтсіздікті барлығы 18 қаңтарда ғана мойындады.
«Шапырашты» операциясының сәтсіздігі нәтижесінде Шапырашты руының барлық дерлік өкілдері Қазақстанның саяси және экономикалық басқаруының негізгі тұтқаларынан шеттетілгеніне қарамастан, президент Тоқаев үшін оның бағытын қайта қарау әрекеті үшін тәуекел жоғары болып қалуда» делінген арна авторларының түйіндемесінде.
Жаңалықтар
- Есіктегі адамның есін шығарар оқиға: 14 жастағы бала 17 жастағы жасөспірімді екі жерінен пышақтап өлтірді
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады