Шамалған маңындағы қарулы қақтығыстың 17 қатысушысы ұсталды
7 наурыз күні кешке Қарасай ауданындағы Шамалған ауылының маңында жастардың екі тобы арасында жанжал шығып, арты атысқа ұласқан.
Оған 30-ға жуық адам қатысты, қазірдің өзінде 17 адам ұсталды.
Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, заңсыз әрекеттерді тоқтатуды талап еткен полицейлердің арқасында атыс салдары барынша азайтылған. Қылмыскерлер полицейлерге бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан кетіп қалған. Қатысушылардың бірі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнын тексеру кезінде криминалистер мылтықтан жасалған тегіс ұңғылы және травматикалық қарулардың көптеген жарамсыз патрондарын тапты. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қоғамдық резонанс тудырған атыс дерегіне Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды.
Бүгінгі таңда облыс полицейлері 17 адамды ұстап үлгерді, 16-сы уақытша ұстау изоляторына, біреуі үйқамаққа алынды. Сондай-ақ, мемлекетаралық іздеуде жүрген тағы үш қатысушы анықталды. Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Атыс қаруын қолданып бұзақылық жасау», ҚР ҚК-нің 380-1-бабы «Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу», «Атыс қаруын қолданып, бұзақылық жасау» бойынша айып тағылуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-баптары да таңылды.
«Кісі өлтіруге оқталу» қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде тіркелген жанжалға қатысушылардан әртүрлі калибрлі 12 атыс қаруы тәркіленді.
Сондай-ақ, полицейлер ұсталған көліктерді (Лексус, ВАЗ, Мерседес, Тойота, т.б.) қажетті сараптамадан өткізу үшін арнайы тұраққа қойды.
Қылмыстық іздестіру шаралары аясында полиция қызметкерлері оқиғаның қалған қатысушыларын анықтау және іздеу жұмыстарын жалғастыруда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық