Шалбарын шешуге мәжбүрледі: Дикий Арманның адвокаты қорлық туралы шағымданды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Дикий Арман атанған қылмыс серкесі Арман Жұмагелдиев қамауда отырған Қостанай қаласындағы No76 тергеу изоляторында адвокаттардың құқығы бұзылуда, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы оның қорғаушысы Виктор Кривоносов мәлімдеді. Оның айтуынша, клиентіне барған кезде адвокаттың өзін шалбар шешуге мәжбүрлеген. Адвокат мұны өз құқықтарын өрескел бұзу және қадір-қасиетін қорлау деп санайды.
«Мен бүкіл заңгерлік тәжірибемде алғаш рет тергеу изоляторына шалбарсыз кірдім. Кеше маған шалбарымды шешіп беруді бұйырды. Бұл масқара! Мен бұл қорлайтын рәсімнен аулақ болу үшін шалбардың ішінен іш жылылық киіп келуге мәжбүр болдым, бірақ нәтижесінде одан да қатаң тінтуге ұшырадым. Адвокаттарға осылай қарайтын болса, тұтқындарға қалай қарайды?» – деп таң қалды Кривоносов жарияланған видеода.
Бұл жағдайға адвокат Талғат Есімов те түсініктеме беріп, әріптесін қолдап, тергеу изоляторы қызметкерлерінің әрекетін айыптады. Оның айтуынша, адвокаттар шалбарын шешу талабынан бөлек, ҚАЖК пен адвокаттар алқасы арасындағы меморандумға қарамастан, механикалық сағаттарын да шешуге мәжбүр.
Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті тінту жүргізілгенін растады. Бұл «тыйым салынған заттарды алып жүруге жол бермеудің стандартты процедурасы» деп түсіндірлі олар
«Адвокаттардың бірін тінту кезінде металл іздегіш дыбыс берді, содан кейін оны толық тінту ұсынылды», деп жазылған ведомство хабарламасында.
Еске салайық, Арман Жұмагелдиев, полковник Руслан Ысқақов және бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенов 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін сотталды. Олар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, заңсыз бас бостандығынан айырды, ұрлық жасады және қаруды заңсыз сақтады деп танылды. Сот үкімі 2025 жылдың 27 қаңтарында шықты. Бұл іске 40-тан астам адам қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық