Шалғай ауылдарға мектеп тауарларын төмен бағада сататын автодүкендер іске қосылады

cover Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 1 қыркүйекке дейін 81 жаңа мектеп ашу жоспарлануда. 213 мектеп толық жөндеуден өтеді. Премьер-министрдің айтуынша, білім беру нысандарының бәрі бірдей қауіпсіздік талаптарына сай емес.

– Бұл мәселені ерекше бақылауға алып, балалардың қауіпсіздігі үшін тез арада тиісті шараларды қабылдау қажет, – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес:

  • Бірінші. Білім беру нысандарының бәрі оқу жылына 100% дайын болуы тиіс.
  • Екінші. Өңір әкімдіктері білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерін Ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына шығаруды жеделдетуі қажет. Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, білім беру бағдарламасына Жол қозғалысы ережелерін үйретуді міндетті түрде енгізу, жұмыс істеп жүрген инспекторларды осы жұмысқа тарту мәселесін қарастырсын.
  • Үшінші. Өңір әкімдіктері көмекке мұқтаж балаларды мемлекеттік қолдау шараларымен 100% қамтамасыз етуі қажет. Мектеп тауарларын төмен бағамен сату үшін мектеп жәрмеңкелерін және шалғай ауылдарға шығатын автодүкендерді ұйымдастыру қажет. Сауда министрлігі «Атамекен» палатасымен және әкімдіктермен бірлесіп, мектепке қажетті керек-жарақтар бағасының тұрақты болуын қамтамасыз етсін. Индустрия министрлігі «Атамекен» палатасымен бірлесіп, мектеп формасының құнына қатысты мәселені пысықтасын.
  • Төртінші. Өңір әкімдіктері мектептерге оқулықтардың қажетті санын жеткізуді қамтамасыз етсін.
  • Бесінші. Ғылым және жоғары білім министрлігі және өңір әкімдіктері жоғары оқу орындары мен колледждердің басқа қалалардан келген студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар