Шахтадағы апат: Қылмыстық іс қозғалды
Фото: Pexels
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының соты "Қазақстан" шахтасындағы апат бойынша қылмыстық істі қарауға кірісті.
Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратура баспасөз қызметі хабарлайды
2023 жылғы тамызда шахтада болған өрт салдарынан бес адам мерт болып, 16 адам зардап шеккен еді. Қайғылы оқиға болған кен орны бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ), қазіргі Qarmet компаниясына қарайды. 21 маусымда алдын ала сот отырысы өтті. Бұл істе төрт адам сотқа тартылған, бәрі – "Қазақстан" шахтасының қызметкері. Қазір олар үйқамақта отыр.
Қызметкерлерді "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды" деп айыптап жатыр. Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен зардап шеккен кеншілер, шамамен 20-дан аса адам істе жәбірленуші деп танылды.
Олар соттан қылмыстық істі прокурорға тергеуге қайтаруды, "Қазақстан" шахтасының лауазымды қызметкерлеріне де шара қолдануды сұрады. Прокурор бұған қарсы болды. Сот өтінішті қарап, қылмыстық істі прокурорға қайтаруға негіз жоқ деп ұйғарды. 10 шілдеде негізгі сот басталады деп белгіленді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық