Шахтада көз жұмған кеншінің әкесі қайғылы оқиғаға ашуын білдірді
Видеодан скриншот
Қаза тапқан шахтерлердің бірінің әкесі Анатолий Корниенко Абай кенішіндегі қайғылы оқиға туралы айтты.
КТК телеарнасының хабарлауынша, 51 жастағы марқұм Сергей Корниенко Абай кенішінде 30 жылға жуық жұмыс істеген. Өкінішке қарай, оған және қасындағы бес әріптесіне 7 қарашадағы ауысым соңғысы болып отыр. Әкесі Анатолий Корниенко ұлы жұмыс істеген шахтадағы жағдай туралы айтты.
«Салақтық! Жалпы, оларды – кеншілерді адам құрлы көрмейді. Ештеңе жаңартылмайды. Жаңарту жұмыстары жүргізілмейді. Ақшаларын аяйды. Газсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, ұңғымаларды бұрғылап, газ тарту керек шығар. Ақшасын үнемдейді. Жұмысшылар өлсе, өле берсін», - деді ол.
Айта кетсек, бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қаза тапқандардың отбасыларына 10 жылдық жалақы төленетінін айтқан.
«Балам жоқ болса, бұл көмектің қажеті қанша? Баламның орнын баса ма? Ол ішпейтін, көрінген жерде жүрмейтін. Тек арасында балық аулауға барып тұратын», - деді Анатолий Корниенко.
Әзірге зардап шеккендердің қамқорлығында болған балалар мен жақындары туралы ақпарат айтылмады.
«Біз ұжымдық шарттың талаптарымен шектелмейміз. Барлық қажетті көмек, яғни несиені қайтару, жерлеуге қатысты басқа да мәселелердің барлығын реттеп береміз. Кәсіпорын ұжымдық шарттан тыс та жағдай жасап беруге дайын», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Әлішер Әбенов.
Қайғылы оқиға орнында газсыздандыру және ауаны сору жұмыстары аяқталып, республикалық комиссия тексеруге кірісті. Төтенше жағдайдан кейін өңірдегі басқа кәсіпорындарда да жұмыс тоқтап, жоспардан тыс тексерулер басталды.
Еске салсақ, 7 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ӨД «Абай» шахтасында желдеткіштің түбінен метан бөлінді. Алты жұмысшы қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Облыс әкімдігі қаза тапқандар мен зардап шеккен кеншілердің есімдерін жариялады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық