Шахматшылар жетім балалар сияқты - Асаубаева Тоқаевқа
Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Instagram парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден алған әсерімен бөлісті. Бір күн бұрын мемлекет басшысы «шахмат ханшайымын» қабылдап, кездесуде ол бір өтініш білдірген.
Шахматшының айтуынша, президентпен бейресми кездесуде олар тек шахматтан басқа да дүниелер туралы сөйлескен.
«Үлкен саясаттан келген адамның шахмат пен шахмат тарихын көп білетініне таң қалдым. Ол Анатолий Карпов жеңіске жеткен 1978 жылы Багиода өткен әлем чемпионатында болған екен. Біз балалар туралы, спортты дамыту, және басқа да көптеген нәрселер туралы сөйлестік» деп бөлісті 17 жастағы чемпион.
Кездесу соңында Бибісара Тоқаев одан президенттен қандай сыйлық алғысы келетінін сұрағанын айтты.
«Ал мен оған бір арманымды айттым. Менің арманым осы. Президент спортшыларымызды жазғы және қысқы олимпиадаларға үнемі шығарып салады, оларға ақ жол тілейді. Шахматшыларды шахмат олимпиадасына ешкім шығарып салған емес, ылғи жетім балалардай – тыныш қана барып, қайтамыз. Мен осы әділетсіз дәстүрді өзгертіп, шахматтан әйелдер мен ерлер құрамаларына жаңа серпін беруді өтіндім» деп жазды Бибісара.
Оның айтуынша, мемлекет басшысы шахматшыларды назарынан тыс қалдырмауға уәде берді.
Еске салсақ, қазақстандық шахматшы 20 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид және блиц бойынша FIDE әлемдік рейтингінде бірінші болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық