Шағын бизнеске салық салына бастайды
Шағын бизнеске салынатын салыққа берілген жеңілдік 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл бойы қолданылды.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірқатар санаттарын салықтан босату жеңілдігінің мерзімі аяқталды.
Енді 1,2 миллионға жуық шағын және микро бизнес өкілдері қайтадан табыс салығын төлеуге мәжбүр болады.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын шағын және микро бизнес субъектілері салық төлеуден босатылған болатын. Бұл анықтамаға қызметкерлердің орташа жылдық саны 15 адамнан аспайтын немесе орташа жылдық табысы 30 000 АЕК-тен аспайтын компаниялар (микрокәсіпорындар), сондай-ақ қызметкерлерінің орташа жылдық саны 100 адамға дейінгі және орташа жылдық табысы 300 000 АЕК аспайтын жеке кәсіпкерлер (шағын кәсіпорындар) мен заңды тұлғалар кірді.
Патент, оңайлатылған декларация негізінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып жүгінген кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері, шаруа немесе фермер қожалықтары салықтан уақытша босатылған еді.
Енді салық төлеу қалпына келтірілді:
• Салық кодексінің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығы (төлем көзінен ұсталатындарды қоспағанда);
• Салық кодексінің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық;
• Салық кодексінің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығы.
Еске салайық, сондай-ақ 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салық режиміне жататын кәсіпкерлік саны айтарлықтай қысқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық