Үш жасар екі баланың мәйіті арықтан табылды
Фото: Айнура Дарибаева
Шығыс Қазақстан облысы Елтай ауылында үш жасар екі бала жоғалып кеткен. Жақындары бүлдіршіндерді дереу іздеуге кіріскен. Бірақ, өкінішке орай, олар үлгермей қалған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Балалардың денесі үй жанындағы арықтан табылған, деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 17 мамырда түстен кейін орын алған.
– Шағым түскен сәттен бастап учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оған жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар да қатысты. Балалардың денесі үйден 350 метр қашықтағы бақша дақылдарын суаруға арналған арықтан табылды, – деді полицияда.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық