Үш жасар баланың өліміне себепші болған кәсіпкердің кінәсі дәлелденбеді
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін Жамбыл облыстық апелляциялық сот қарауына түскен «Хадиша апа» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Еламан Пернешевтің ісін Жуалы ауданы соты шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Не болды?
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының үш жасар тұрғыны Альтаир Ахиятұлы электр сымдарынан тоқ ұрып қайтыс болды.
2020 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының көшелерінің жарықтандыру жұмыстарына «Хадиша апа» жеке кәсіпкерлігімен әкімдік келісімшартқа тұрған болатын. Кәсіпкердің міндетіне көше жарық бағаналары мен электр шамдарының жұмыс істеп тұруын қадағалап, тапсырыс берушінің қойылған міндеттерін орындау жататын.
Бірақ, 2020 жылдың тамыз айының 30 күні «Жастар» көшесінде кешкі уақытқа балалармен ойнап жүрген кішкентай Альтаир Ахиятұлын жарық сымдарынан ұрған тоқтан жан тапсырды.
Баланың қаза болуына байланысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс ашып, «Хадиша апа» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Еламан Пернешевті күдікті ретінде танып, сотқа айыпталушы ретінде тартылды.
Сот үкімі
Еламан Пернешевті ҚР Қылмыстық кодексі 104-бабының 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) айыпталып, сот үкімі шықты. Жуалы аудандық сотының судьясы Жамалбекұлы Байжан Альтаир Ахиятұлы өліміне қатысты Еламан Пернешевті ақтау үкімін шығарды. Сот Жуалы ауданы әкіміне мұндай жағдайларды қайталанбас үшін, Жамбыл облысы полициясына тергеу амалдарының жан жақты дұрыс жүргізілуіне жекеше қаулы шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық