Үш вайнер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді
Коллаж Orda.kz
Желіде вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаевтың қаржы пирамидасын құрғаны туралы ақпарат жарияланды.
«Тергеу мәліметтері бойынша Төребаев, Саидбаев пен Шерниязов mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, сонымен қатар компанияның тең иелері ретінде тұрақты түрде табыс тапқан. Бұған дейін бұл іс бойынша компанияның бас директоры Руслан Бұрханов қамауға алынды. Ең қызығы, Төребаев, Саидбаев пен Шерниязов кепіл беріп, қамаудан шыққан» деп жазды телеграм арналардың бірі.
Алматы қалалық соты ақпаратты растады. Белгіл болғандай, үшеуі де Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша істі болған.
«Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Төребаев пен Шерниязовқа қатысты 1000 АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды» деді сот.
Ал Саидбаев 2 айға сырттай қамауға алынды.
Еске салсақ, 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.
Компания 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін мемлекеттік сатып алуға қатысқан.
Келісім бойынша компания әр салымшыға салым сомасының 20%-ін төлеуге міндеттелген. Сондай-ақ, ASTEX.KZ ЖШС-ға 160 салымшыдан 2 млрд теңгеден астам қаражат Mudarabah Capital ЖШС-нің басқа компаниясы арқылы түскен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық