Үш студенттің аналары «жазықсыз ұлдарын» босатуды талап етеді
Ұлына араша сұраған аналар. Фото: Orda
Алматылық 19-20 жастағы студенттер – Дастанбек Жайылғанов, Азамат Амангелдиев, Азат Ували жайлы туыстары қаңтар оқиғасына қатысты жазықсыз жауапқа тартылып жатқанын айтады.
Туыстарының айтуынша, бір-бірімен дос үш жігіт 5 қаңтарда жұмыстан қайтарда жолда әлдебір қарулы топтың мәжбүрлеуімен қолына қару алуға тура келген. «Күш көрсетіп, алаңға қару апаруға итермелеген». Полиция қазір үш студентке Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігімен іс қозғалған. Аналар халықаралық құқық қорғаушылардан араша сұрайды. «Балаларымыздың болашағына балта шаппауды» талап еткен аналар тергеу кезінде азаптау арқылы «жасамағанын күштеп мойнына алғызды» дейді. Бозбаланың үшеуі де оқуда үздік үлгеріммен көзге түскені, грантта оқитыны айтылады. Бұрын-соңды істі болмаған.
– Үшеуі де азапталған. Азаматтың басынан өлімші етіп тепкілеген, элетрошокпен тоқ ұрғызған, есін жиғызу үшін үстінен су құйған. Алғаш ұсталған 18 қаңтардан бастап екі күн ұрып-соққан. Дастанбектің ерні жыртылған. Азаттың денесін көгерткен. Онлайн платформада оператор-менеджер болып істейтін. Содан қайтып келе жатқан күні жолда қарулы арандатушы топ күш көрсетіп, қолына қару-жарақ ұстатып, алаңға баруға итермелеген. Біз жазықсыз ұлдарымызды үйқамаққа ауыстыруды емес, түбегейлі ақтап босатуын талап етеміз, – дейді Самал Алипбаева редакция тілшісіне.
«Жазықсыз зорлық-зомбылықтың құрбаны болып отыр» делінген үш жігіт Алматыдағы СИ-18 (ресми атауы – ЛА-155/18) түзеу мекемесіне қамауда отыр.
Үш жастың ісі жөнінде Алматы прокуратурасы редакцияға ресми ақпарат жолдады. Азаптауға қатысты тергеу енді басталды, яғни осыған дейін алынған көрсетпелердің рас-өтірігі толық анықталмады. Осыған қарамастан прокуратураның неліктен кінәсіздік презумпциясын ысырып, күдіктілердің кінәсі дәлелденгеніне сенімді түрде пікір білдіргені белгісіз.
«Үш азамат қаңтар күндері болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген. Олар алдымен қару-жарақ дүкенін тонап, сосын Lexus көлігімен қару таратқан. Дәлелдер жеткілікті. Олар өз кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта олардың жаппай тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстарды жасап-жасамағаны тексеріліп жатыр. Олардың әрекетін түпкілікті түрде сот бағалайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі тергеудің заңсыз әдістерін қолдану туралы ұсталғандардың бірінің өтініші бойынша тергеу жүргізіп жатыр» делінген орган хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық