ШҚО-да мектеп директорының вакцина алмаған оқушыларға ұрысқан аудиосы тарады
Желіде Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің директоры Зауре Сатыбалдинованың оқушыларға ұрсып жатқан аудиосы таралып жатыр.
Аудионы таратқан авторлардың айтуынша, мектеп директоры оқушыларды COVID-19-ға қарсы вакцина алуға мәжбүрлеген көрінеді.
– Сендер өз өздеріңе кедергі жасап отырсыңдар. Ыңғай ауру балалар біздің мектепте ғана бар, сау бала жоқ. 51 мектептің 49 мектебі бітіріп тастады. Алып болды. Түгел. Сендер неден қорқып отырсыңдар? Мен сендерді өлімге итеретіндей – менің басым екеу емес. Менде сендерге келерде ойланып келдім. Екі университет, бір колледж бітірген адаммын мен, – деді Зауре Сатыбалдинова.
Сонымен қатар, директор оқушылардың бірінен не үшін вакцина алмайтыны туралы сұрады.
– Шық бері қарай. Атың кім сенің? Не болды? Неге бармай жүрсін вакцинаға?, – деп сұрады директор.
Оқушы оған ата-анасының қарсылығына байланыста вакцина алмағанын алға тартты. Баланың жауабына көңілі толмаған директор ұрысып берді.
– Қазір сөйлесіп, қазір барасыңдар! Бұл не нәрсе? Неден қорқып отырсыңдар сендер? Қол-аяғың, бәрі сау. Басында алғандар өлген жоқ, – деді Сатыбалдинова.
Оқушыларды тізбектеп, вакцина екпесін алуға күштеп, ата-аналарына хабарласуын талап етті.
Оқушылардың бірінің әкесі ауруханада жұмыс істейтінін естіген директор белгісіз біреуге хабарласып, әкесін жұмыстан шығару керек деп қорқытқан.
– Сәлеметсіз бе? Қалыңыз қалай? Сізге хабарласып тұрған Зауре Қасеновна. Сізде жедел жәрдем қызметінде С-. жұмыс істейді. Сол кісінің баласы вакцина алмай отыр. Шара қолданыңыз! – деді директор телефонда.
Директор барлық оқушыларға тарих сабағынан кейін, ата-анасымен сөйлесіп, вакцина алуын талап еткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық