ШҚО-да колледж ақшасын жымқырған шенеуніктер сотталды
Шығыс Қазақстан облысында спорт саласы шенеуніктері пара алғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынған. Бүгін ауданаралық сот үкім шығарды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР ҚК 336-бабы, 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде пара алу) бойынша спорт және дене шынықтыру істері комитеті басқармасының бұрынғы басшысы, ҚР ҚК 361 - бабы, 4-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары, ҚР ҚК 190 - бабы, 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша ЖШС-ің бұрынғы басшысы сотталды.
«Сот шешімі бойынша Комитет төрағасының экс-орынбасары және ЖШС экс-басшысы алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 354 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады. Олар мұны «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» 300 орындық оқу корпусының құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы жасаған» делінген ШҚО сотының баспасөз хабарламасында.
Нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен спорт және дене шынықтыру істері комитеті басқармасының экс-басшысына бес жыл бас бостандығынан айыру, спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының экс-орынбасарына үш жыл бас бостандығынан айыру, ЖШС басшысына жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылады.
Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық