ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығу туралы петиция жарияланды
Ресейдің Украинаға басып кіруі көптеген халықаралық саяси мәселелерді қозғады. Соның ішінде қазақстандықтарды алаңдатқаны – еліміздің ҰҚШҰ мен ЕАЭО-ға және Кедендік одаққа мүшелігі. Бүгінгі күні жұртшылық ел билігінен осы одақтардан шығуды талап етуде.
Ахметов Шыңғыс Айтуарұлы есімді азамат Egov.Press платформасында ҚР президенті мен парламентіне қарата ҰҚШҰ және ЕАЭО-дан шығуды талап еткен петиция жариялады.
«Қазақстан билігінен ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды, сондай-ақ Ресей Федерациясымен барлық интеграциялық процестерді тоқтатуды талап етеміз. РФ-мен тек дипломатиялық қарым-қатынаста ғана қалу керек. Ресейді қолдасақ, дәл қазіргі Ресей сияқты әлемнің өзге елдерінен оқшауланып қалуымыз мүмкін» деп жазылған петицияда.
Бүгінгі таңда петицияға жиырма мыңға жуық азамат қол қойып үлгерген. Бұл мәселеге қатысты ел билігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық