ҰҚШҰ кеңейіп, ұйымға ондаған ел қосылады – Хренин
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) кеңейтілетін болады. Бұл туралы Беларусь қорғаныс министрі Виктор Хренин мәлімдеді.
– Менің ойымша, ұйым кеңейеді. Біз жақын арада әлем құрылымының қалай өзгеретінін көреміз, ҰҚШҰ өзінің жауынгерлік дайындығын, өзінің бейбітсүйгіштігін көрсетті. Бірнеше жылдан кейін ұйымда мемлекеттердің агрессивтілігі мен саяси жүйесінің өзгеруін емес, бейбітшілік пен тұрақтылықты бағалайтын ондаған мемлекет болады, - деді генерал-лейтенант.
Министрдің пікірінше, ҰҚШҰ революциялар, терроризм, есірткі трафигі, адам саудасы және биологиялық қатерлер сияқты сын-тегеуріндерге қарсы тұрады.
Қазіргі уақытта ҰҚШҰ құрамына алты мемлекет кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.
16 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және ҰҚШҰ құрылғанына 20 жыл толады. Осыған байланысты дүйсенбіде Кремльде ұйымның мерейтойлық саммиті өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық