Шәкәрім Құдайбердіұлын атқан НКВД жендетінің суреті жарияланды
Фото: abai.kz
Сталиндік репрессияны Қазақ АССР-і мен Қазақ ССР-і аумағында жүзеге асырған мыңнан аса НКВД жендеттерінің қатарында Абзал Қарасартов та бар. Ұлы ақынды атқан жендеттің суреті Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Абзал Қарасартов – Шәкәрім Құдайбердіұлыны атып өлтірген Жаппай жазалау және лагерьлер жүйесінің адамы.
1930 жылғы 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. қазақстанда 1930 жылдардың басында лагерьлер жүйесі калыптасты. 1930 жылы мамыр айында КСРО ХКК «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» қаулы қабылдады. 1931 жылы 19 желтоқсанда «Гигант» кеңшары ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылып, қысқаша «Қарлаг ОГПУ» аталды. Қарлагта 1 млн-дай тұтқын тіркелген. Тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды.
– Кеңес өкіметі орнаған кезде, Шәкәрім қазақ даласында үлкен беделге ие болған. Халық одан кеңес сұрап ақылдасқан, өйткені ол ең адал және таза жан еді. Бұл жайт жаңадан құрылып жатқан совет режиміне ұнамады. Олар Шәкәрімнен совет одағына қауіп көрді. 1931 жылының маусымда ОГПУ бастығы лауазымына Абзал Қарасартов тағайындалды. Абзал Қарасартов совет өкіметіне өте адал еді.
Қарасартов Шәкәрімді басынан ұнатпады, қоқан-лоқы мен қысымның көмегімен Шәкәрімді совет одағын насихаттаушыға айналдыруға тырысты және бұны үмітін жоғалтқан халықты тыныштандыру үшін қолданғысы келді. Бірақ Шәкәрім келіспеді. Кейін Қарасартов Шәкәрімді атып өлтіріп, денесін құдыққа лақтырып жіберді. Шәкәрімнің денесі тек 30 жылдан кейін ғана шығарылды.
Абзал Қарасартовтың суреті және оның өмірбаяны Кадровый состав органов государственной безопасности СССР архивтік сайтынан алынған. Оригинал құжаттар Ресей қорғаныс министрлігінің орталық архивтерінде сақталған, - деп жазды Көкбөрі Қизатұлы.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық