ҰҚШҰ Бас хатшысы: Украинаға бітімгершілік күштерін енгізу «болжамды түрде мүмкін»
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась Украинаға бітімгершілік күштерін енгізу «болжамды түрде мүмкін» деді, деп хабарлайды ТАСС.
«Болжамды түрде бұл мүмкін, бірақ ол Украинаның келісімін қажет етеді, өйткені бұл оның аумағы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандаты бар, сонымен қатар бұл шешімді біздің барлық үкіметтеріміз қолдауы керек», - деп жауап берді Зась осы тұрғыдан өзіне қойылған сұраққа.
Ол Украинадағы жанжалды тек дипломатия тұрғысынан шешуге болатынын, бірақ қазір жағдай қауіпті бағытта дамып келе жатқанын алға тартты.
«Мен танктер өз базасында, ал сарбаздар казармада болған жағдайдың енді қалпына келуіне сенбеймін. Енді келіссөз үстеліне отырып, бір мәмілеге келу керектігін түсінгеніміз жөн. Қазіргі шындық осы», - деді Зась.
Мәлімдеме Ресей ашық түрде қолдап отырған сепаратистер басып алған Украинаның шығыс аймағындағы Донбастағы қақтығыс жағдайының шиеленісуі аясында жасалды.
Айта кетейік, ресми түрде ҰҚШҰ күштерін қарулы қақтығыстарға қолдану тек оның қатысушыларының біріне, яғни Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстанға қарсы сыртқы агрессия болған жағдайда ғана көзделеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық