Сеулде адам нөпірінің астында қалып, жүздеген адам қаза тапты
Сурет ашық дереккөзден
Сеулдің танымал туристік аймағында Хэллоуинді тойлау кезінде 100-ден астам адам қайтыс болды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Оңтүстік Корея астанасындағы Итаэвон ауданындағы көшеде болған мейрамнан кейінгі адам нөпірінен 151 адам қаза тапты. Құрбандардың арасында кем дегенде 19 шетелдік бар, ал олардың қай елдерден екені туралы нақты деректер жоқ. Қайтыс болғандардың көпшілігі 30-дан төмен жастағы адамдар.
Қайтыс болған шетелдік азаматтар арасында Иран, Өзбекстан, Қытай және Норвегиядан келгендер болған.
ТЖМ қызметкерлерінің айтуынша, қаза тапқандарды анықтау біраз уақыт алады. Қаза тапқандар арасында 97 әйел мен 54 ер адам болған.

Сенбі күні түстен кейін 100 000-ға жуық адам Хэллоуиннің алғашқы демалысын COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері бетпердесіз және әлеуметтік шектеулерсіз атап өту үшін ойын-сауық ауданына жиналған.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл барлық мән-жай анықталғанша елде ұлттық аза тұту жариялады. Ол халық алдында сөз сөйлеп, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық