Серік Жұманғарин ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
21 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ұлттық экономика министрін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды» делінген хабарламада.
Жұманғарин бұрын атқарған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды.
Серік Жұманғарин 1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Мәскеу энергетика институтын, Е.А.Бөкетов атындағы Халықаралық бизнес академиясы, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1993–2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 2005-2008 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысында түрлі басшылық қызметтер атқарған.
2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры, «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2010-2011 жылдары - «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі.
2014-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.
2019–2020 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр).
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болды.
2022 жылғы 15 тамызда ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі міндетін атқарды.
2022 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысы өз жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты қызметінен босатты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық