Серік Құсайынов Алматыдағы LRT құрылысы туралы айтты
Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов «Алматы агломерациясы бойынша көлік инфрақұрылымының жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбы бойынша өткен жиында қала мен оның маңайындағы LRT құрылысы туралы айтты.
Бюджеттен қаражат алатынын айтқан ол жоба бойынша астанадағы сценарий қайталанбау керек екенін жеткізді.
– Rail Jet компаниясы мен Талғар LRT құрылысы туралы көптеген сұрақ бар, өйткені олар өз қаражаты есебінен трамвай салуға уәде береді деу дұрыс емес. Олар бюджеттен қаражат талап етеді, бірақ ол кезде астанадағы сценарий қайталанбайтындай ашық түрде жүзеге асырылуы тиіс, - деді Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы «Алматының тұрақты көлігі» жобасының менеджері Елена Ерзакович.
– Астанадағы сценарий қайталанбайды. Қала әкімдігі қаражат бөлмейді, бұл - мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Жоба іске асырылғаннан кейін бюджеттен қаражат бөлінеді. Заңға сәйкес, барлық кәсіпорынға бөлінетін секілді субсидия бөлеміз, - деді Серік Құсайынов.
Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев LRT құрылысы бюджетке 300 миллион долларға түсетінін айтқан болатын. Алматы әкімі соңғы пікірінде мұндай қымбат жобаны қала бюджеті тарта алмайтынын, республикалық бюджеттегі қаржы қазірдің өзінде метро құрылысына бағытталып жатқанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық