Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды 

cover

Бүгін Алматы облысының бұрынғы ПД басшысы Серік Күдебаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтті. Ол оған келмеді. Бұған дейін кейбір БАҚ сотталушының Қазақстан аумағынан шығып кеткенін жазған болатын.

Талдықорған қалалық сотының судьясы Шекара қызметінің мәліметінше, Күдебаев елден Қырғызстан шекарасынан өтіп кеткенін, одан кейін «Манас» әуежайынан Түркияға ұшып кеткенін айтты. Бұл 23 наурызда болды.

Судья сондай-ақ сотталушының 9 наурызда гипертония диагнозымен «Рахат» медициналық орталығына жатқызылғанын айтты. Сот отырысы сотталушының сырқатына байланысты бірнеше рет кейінге шегерілгендіктен, Күдебаевты сотқа мәжбүрлеп әкелу туралы шешім шығарылды. Алайда, бұл уақытта оның елде жоқ екені белгілі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар