Сергей Лавров: АЭС – Қазақстан мен Ресейдің маңызды жобаларының бірі болады
Фото: Elements.envato.com
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда АЭС салу екі елдің маңызды ортақ жобаларының бірі болатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесу барысында ҚР сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша екі елдің әртүрлі саладағы ведомстволары бірлесіп жұмыс істейді деп үміттенетінін жасырмады.
Ал Сергей Лавров Қазақстан мен Ресей талай бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
«Алдағы уақытта іске қосылатын кәсіпорынның саны қазірдің өзінде 170-тен асты. Олар көлік-логистика, энергетика, металлургия, машина жасау, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салалары. Қазақстанда атом электр станциясын салу – маңызды жобалардың бірі саналады», – деді министр.
Ресми деректерге сүйенсек, 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстан азаматтары жалпыұлттық референдумда АЭС салуға келісім берді.
Қазіргі уақытта Қазақстан ірі қуатты реакторлар технологиясын ұсынатын төрт елдің ұсыныстарын қарастырып жатыр. Олар: Франция, Қытай, Ресей және Оңтүстік Корея.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, бір энергоблоктың орташа құны 5 миллиард АҚШ доллары болғалы тұр. 2025 жылғы ақпанда АЭС салынатын орын Алматы облысындағы Жамбыл ауданы деп белгіленді.
Жаңалықтар
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?