Сенаторлар әйелдер мен балаларды қорғау туралы заң жобасын мақұлдады
Коллаж Orda.kz
Сенат әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын екі оқылымда мақұлдады.
Заң әйелдер мен балалардың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да құқықтарын жақсартуға бағытталған.
Заң бойынша Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауысатын денеге ауыртпалық және қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілейтін 98-3 жаңа бап енгізеді.
Сондай-ақ заң 106-бап (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 107-бап (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша бас бостандығын шектеу мүмкіндігін жояды.
Кәмелетке толмағандарға физикалық зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуге байланысты қылмыстарға тараптардың татуласу мүмкіндігі жойылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қолданыстағы нормаларында көзделген басқа баламалы жазаларды алып тастау арқылы кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы (ҚР ҚК-нің 121-бабы), кәмелетке толмаған адамды өлтіргені (ҚР ҚК 99-бабы), кәмелетке толмаған баланы зорлағаны (ҚР ҚК-нің 120-бабы) және күш қолдану әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар енгізіледі.
«Он алты жасқа толмаған адамдарды жыныстық қудалау (ҚР ҚК-нің 121-1) туралы» жаңа бап пайда болады және заң бойынша өзін-өзі өлтіруге үгіттеу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады (ҚР ҚК 313-1 бабы).
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі отбасын қолдау орталықтарының құқықтық мәртебесін айқындайтын болады. Олардың функциялары мен нормалары отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық кеңестер мен психологиялық көмек көрсететін «111» байланыс орталығын құру бойынша қалыптастырылатын болады.
«Заңды бекітегі күтілетін нәтижелер - бала тәрбиесі мен дамуы үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету, олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ балаға төнетін зорлық-зомбылық пен қауіптің әр түрін болдырмау»,- деді депутат Бекназаров.
Балаларға қатысты Әкімшілік кодекстің келесі баптары енгізіледі:
- кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің жауапкершілігі;
- кәмелетке толмаған адамды қорлау (қорқыту, киберқорлау) үшін жауапкершілік;
- ата-анасының және (немесе) оның заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүрген он алты жасқа толмаған адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіргені үшін жауаптылық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық