Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды
Сурет: gov.kz
Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовке сілтеме жасаған «Патриот» басылымының хабарлауынша, полицейлер жаңадан сайланған депутаттың өлімінен қылмыс белгілерін таппаған.
14 қаңтарда өткен парламенттің жоғарғы палатасына сайлауда Кәрімова Солтүстік Қазақстан облысынан депутат болып сайланды. Ол сонымен қатар Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі болды.
27 қаңтарда 45 жасында Гүлмира Кәрімова дүниеден өтті. Өлімнен кейін бірден парламент өлімнің алдын ала себебі анафилактикалық шок деп ресми мәлімдеме жасады. Бірақ кейін елорданың денсаулық сақтау басқармасынан өлім инфаркттан болғаны туралы жаңа ресми хабарлама келді.
«Гүлмира Кәрәмованың кенеттен қайтыс болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Бүгінгі күні қылмыстық іс жүргізу кодексі 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, яғни қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тергеу тоқтатылды. Осы істі қадағалаған прокурор бұл шешімді мақұлдады», - деді полковник Қуаныш Орынбетов «Патриот» басылымына.
Әңгімелесушінің айтуынша, полицейлер қосымша айғақтарды жинау үшін барлық мүмкіндіктерін сарп еткен. Сондықтан тергеуші іс бойынша қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келген.
Сәуірдің 21-інен бастап Солтүстік Қазақстан облысынан сенаторлыққа дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелеховтың кандидатурасы ұсынылды. Сайлау 2 маусымда өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық