Сенат депутаты қаржылық мониторинг тізіміне кімдердің кіретінін айтты
Сенат депутаты Ольга Перепечина қаржылық мониторингте тексерілетін лауазымды тұлғалар туралы сенат отырысынан шыққаннан кейін айтып берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, қаржылық мониторинг ең алдымен облыс, аудан әкімдерінен басталады.
– Ең алдымен, әкімшілік мемқызметкерлер - облыс, аудан, республикалық маңызы бар қала әкімдері кіруі мүмкін. Ол жерге басшылық шешім қабылдайтын депутаттар, партия басшылары, министрлер, вице-министрлер, ұлттық компания бастықтары да кіруі мүмкін. Сонымен қатар, сот, прокурор және мемлекеттік басшылық шешім қабылдай алатын басқа да басшылар болуы мүмкін. Мониторинг лауазымды тұлғаларға ғана емес, олардың жұбайлары мен жақын туыстарына - балалары, бауырлары, әпкелері, әжелері, аталары, ата-аналары, немерелеріне де жүргізілетін болады, - дейді депутат.
Тізімді Президенттің өзі бекітеді. Тізім 2022 жылы жасалады деп жоспарлануда.
Журналистер тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің осы тізімге кіру не кірмеуін нақтылап сұрады.
– Біздің заң жобамызға сәйкес, бұрынғы басшылар, мемлекеттік қайраткерлер өз өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейін 12 ай ішінде бақылауда болатын мемлекеттік қызметкерлер тізіміне кіреді, - деп нақтылады Перепечина.
Журналистер нақты жауап алмағаннан кейін «Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде тізімге ене ме?» деп қайталап сұрады.
– Иә. Бүгінгі таңда біздің заңнама аясында мен осылай жауап бере аламын. Депутаттар тізім бойынша ұсыныс бермейді, - дейді сенатор.
Бүгін парламент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын қабылдады. Ол президентке қол қоюға жіберілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық