Сенат депутаты Қадыровқа жауап қайтарды
Сенат депутаты Мұрат Бақтяирұлы «Қазақстанға тәуелсіздігін ойлау керек» деген Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа жауап қайтарды.
Бұл туралы депутат журналист Нартай Аралбайұлына YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
– Менің ойымша, Қадыров қадыры кеткен адамдардың бірі. Ол тікелей Путиннің немесе Ресей Федерациясының ақшасына ұстап отқан азаматтардың бірі. Оның беделі, оның ұстанымы... Оның жаулары өте көп. Мен бүны Қадыровтың сандырағы деп түсінемін. ҰҚШҰ-ны шақырған кезде асығыс жасадық
Өйткені, Қазақстан өз күшімен осы мәселенің бәрін реттеуге болатын еді. Осы үйымсыз-ақ осы мәселені шешетін едік. Ұйым тек қана стратегиялық объектілерге көмегі тиді. 9 күннің ішінде шығып кетті. Олар оқ та атқан жоқ. Оның Қазақстанның басуына үлкен ықпалы болды деп... саясаткер ретінде, парламент мүшесі ретінде айта алмаймын.
Қадыровтың сандырақ сөзі. Қадыров талай әңгіме айтып жүр. Көптеген саясаткерлерге байланысты, басқаға байланысты... Сондай бір саясаткерлер болады өзі. Жириновский марқұм кетті... ол да бір әр нәрсені айтып кетті, – деді депутат.
Еске салсақ, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы елдеріне бейне үндеу жасады.
Ол ҰҚШҰ құрамындағы елдерден Украинадағы оқиғаларға қатысты ұстанымын айтуды сұрады.
– Ресей Қазақстанды құтқарды. Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс болған кезде Путин басты рөл атқарды. Қазақстан егемендігінен айырыла жаздаған кезде кім көмектесті? Ресей. Ешкімнен қорықпады.
Неліктен біздің ата-бабаларымызды өлтірген бандерлерге, ұлтшылдарға және фашистерге қарсы ұстанымдарың жоқ? – деді Қадыров Telegram арнасында жариялаған видеода.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық