«Сен кімсің?» Дөрекі полицейдің кесірінен тексеріс басталды
Скриншот
Instagram әлеуметтік желісінде дөрекі полицейдің қатысуымен видео жарияланды. Оқиғаға қатысты Алматы облысы полиция департаменті түсініктеме берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Анықталғандай, видео Қапшағайда түсірілген. Екі ер адам полиция қызметкерлері көлігінің терезі қараңғыланғанын көріп, оны видеоға түсірген. Полиция қызметкері бірден ашуға бой алдырып, оларға дөрекі жауап беріп, камераны итеріп жіберген.
Жазба авторы:
– Қапшағайдағы заңсыздық, барлығына айыппұл салады, ал өздері көлігін толық қараңғылап алған, - деген.
Оқиғаға қатысты Алматы облысы полиция департаменті түсініктеме берді. Олар видеодағы полция қызметкері екенін растады. Ол – Қапшағай қаласы ПБ патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы.
– Алматы облысы Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында анықталған бейнежазба негізінде Қапшағай қаласы ПБ патрульдік полиция взводының қызмет инспекторына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлайды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, полиция қызметкерінің тұрғындармен тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасамау дерегі бойынша қызметтік тексеріс тағайындалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық