Сен халықтың жүрегіндесің, Денис!
Бүгін әйгілі спортшы Денис Тен аман болғанда 28 жасқа толар еді. Мәнерлеп сырғанаудан елеулі жетістіктерге жеткен спортшымыз Қазақстан байрағы астында талай өнер көрсетті.
Еліміздің дарынды мәнерлеп сырғанаушысы, Олимпиада жүлдегері, Азия чемпионын әлеуметтік желі қолданушылары жаппай еске алуда. Алғашқылардың қатарында қазақтың дарынды ұлы, әнші Димаш Құдайберген де бар.
— Бүгін біздің қаһарман Денис Теннің туған күні. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Аты аңызға айналған досым, жатқан жерің жайлы болсын, - деп жазған Димаш.
Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол - Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы. Денис мәнерлеп сырғанаудан бөлек; теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салумен де шұғылданатын.
Ол кішкентайынан музыкаға әуес болып, хорға да қатысқан. 2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы хор олимпиадасында күміс медальға ие болған. Дегенмен спортшы мәнерлеп сырғанау өнеріне шындап бет бұрды.
2003 жылы «Хрустальный конек» турнирінде Денисті Елена Буянова байқап, Мәскеуге өзінің қоластында жаттығуға шақырады. Нәтижесінде, Денис 2006 жылы ересектермен сайысқа түсіп, Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Спортшы халықаралық жарыстарға 2010 жылдан бастап шыға бастайды.
Денис Тен 2014 жылы өткен Сочи олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені алып берген спортшы атанады. Сондай-ақ, ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы және Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Өкінішке қарай, 2018 жылы 19 маусымда танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Денистің тек Қазақстан емес, әлем жұртшылығының жүрегіне жол тапқаны сөзсіз. Сен халықтыңтың жүрегіндесің, Денис!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық