Семейдегі бағдаршамы жоқ жолда тағы бір адам мерт болды
Фото: kaztag.kz
Семейдің қақ ортасында жұртшылық бұрыннан бағдаршам орнатуды сұрап жүрген жолда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетіп, мерт қылды деп хабарлайды Orda.kz.
Кaztag.kz мәліметінше, қайтыс болған қыз небары 21 жаста болған. Туыстарының айтуынша, қылмыскер жауапкершіліктен жалтаруға тырысуы мүмкін. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде көлікті тізгіндеген жас жігіт деген ақпарат пайда болды. Бірақ іске күдікті ретінде оның әкесі тартылып отыр.
«23 қыркүйекте Бозтаев көшесімен Селевин көшесі бағытында келе жатқан Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, полиция департаменті жол апатына басқа адамның қатысы бар деген ақпарат шындыққа жанаспайды деп жауап берді. Қазір абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты