Семейдегі әлімжеттік: Берік Уәли істі егжей-тегжейлі тергеуді тапсырды
Фото: gov.kz
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдеге жасөспірімдер арасындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, баланы ұрып-соғу фактісі бойынша егжей-тегжейлі қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлады Orda.kz.
Шенеуніктердің, полиция мен прокуратура өкілдерінің, сондай-ақ балалар омбудсменінің қатысуымен өткен кеңесте жаңа әкім жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолдану керегін айтты.
«Аймақтың барлық мектептерін қатаң бақылауда ұстау керек. Білім басқармасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп оқушылармен және олардың ата-аналарымен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Облыстың оқу орындары үшін тәуекелдер картасы, сондай – ақ мұндай жағдайларда жедел әрекет етудің нақты алгоритмі әзірленуі тиіс»,- деп міндеттеді Берік Уәли.
Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр, ал балалар құқықтарын қорғау комиссиясы ұрып-соғуға қатысы бар төрт жасөспірімді арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылдады. Құқық бұзушылардың ата – аналары әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
«Зардап шеккен адамға облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары көмек көрсетеді. Облыстың білім басқармасы жанынан арнайы мониторингтік топ құрылды. Қазір қызметтік тергеу жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша мектеп басшылығының тәрбие және профилактикалық жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылу туралы мәселе қаралатын болады», деп атап өтті әкімдіктегілер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық