Семейде зорланған полицей туралы тың ақпарат
Ашық дереккөзден
Семей қаласының полиция басқармасында жұмыс істейтін 24 жастағы қызды шені жоғары әріптесі зорлады. Оқиға 29 қараша күні Семей қаласының прокуратурасында тіркелген.
«29.11.2021 жылы Семей қалалық прокуратурасы зорлау фактісін тіркеді. 1997 жылы туған полиция сержанты ШҚО ПД Семей қаласының ПБ ақпараттандыру және байланыс бөлімінің технигі лауазымында қызмет етеді. Тұрмысқа шықпаған» делінген хабарламада.
Жәбірленушінің айтуынша, оқиға автокөлікте болған.
«25 қараша күні сағат 23:00-де оны полиция аға лейтенанты оны үйінің жанында, автокөлігінде зорлады. Ер адам ШҚО ПД Семей қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы қызметін атқарған» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қыз қорлық көрген күні арыз жазуға тырысқан, бірақ полиция басшылығы оны ондай әрекетке бармауға көндірді деп болжайды.
Сонымен қатар, зорлау фактісін ШҚО полиция департаменті растады. Онда аталған қызметкер жұмыстан босатылғанын және қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық