Семейде әжей есірткі шеккен немересін полицияға ұстап берді
Семейде зейнеткер полицияға немересі марихуана шегетінін айтып, денсаулығына уайымдайтыны туралы жеткізді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Қарт әйел тікелей Семей полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне жүгінді. Полиция әжейдің қыз баланың денсаулығына алаңдағанын айтты.
«65 жастағы зейнеткер 18 жасар немересінің денсаулығына алаңдап, қыздың пәтерінде сақтаған есірткі заттарын өз еркімен апарып берді» деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сараптама жүргізіліп, оның қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 1,92 грамм марихуана тәркіленді.
Полицейлер қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұл бап бойынша 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (466 720 теңге), сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық