Семейде жүргізуші 2 адамды қағып кетті: 20 жастағы жігіт көз жұмды
Семейде жүргізуші екі адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апатынан 20 жастағы жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Ал оның серігі 16 жастағы бойжеткен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Yk-news.kz порталының хабарлауынша, оқиға 1 желтоқсан Қабанбай батыр мен Гете көшелерінің қиылысында орын алған.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде ерлі-зайыптыларды Land Rover көлігін жүргізген жүргізуші қағып кеткен. Қатты соққыдан кейін көлік иесі тоқтаусыз оқиға орнынан кетіп қалған.
Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушілерді іздестіру бөлімінің қызметкерлері қашқынның жеке басын анықтап үлгерді. Бірнеше сағаттан кейін ол ұсталып, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.
Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оның аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық