Семейде шенеунік 4 мың теңгеден бастап пара алғаны үшін айыпталды
Фото: freepik.com
Семейдің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Абай облыстық сотының мәліметінше, Семей қаласының №2 соты айыпталушыларға қатысты қылмыстық істі қарады.
«Біреуі (ҚК 366 – бабының 3-бөлігінің 4-тармағы) және бесеуі – пара беру (ҚК 367-бабының 1-бөлігі) бойынша айыпталды. Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы міндетін атқарушы құжаттарды жеделдетіп ресімдегені, жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге және жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірін алуға жәрдемдескені үшін бес азаматтан пара алды (4 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін)» делінген хабарламада.
Сот ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы міндетін атқарушыны ҚК 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 2,9 млн теңге айыппұл (пара сомасынан 60 есе) салып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырды.
Жаңалықтар
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды
- Иран келіссөздерге делегация жіберу мәселесін әлі қарастырмағанын мәлімдеді
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті